«Нұрлы жер»: Қызылорда алдыңғы қатарда
 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылдың ішінде шамамен 200 мыңға жуық отбасы тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.
 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылдың ішінде шамамен 200 мыңға жуық отбасы тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.Мемлекеттік бағдарлама басталған 2 жыл ішінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі бойынша алдыңғы қатарда Астана қаласы (4,7 млн м²), Алматы қаласы (2,6 млн м²), Маңғыстау (1,8 млн м²), Ақтөбе (1,5 млн м²), Атырау (1,3 млн м²), Алматы (1,3 млн м²) және Қызылорда (1,2 млн м²) облыстары тұр.
Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғайғаны байқалады.









