Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропада газ қымбаттап жатыр

Еуропада газ қымбаттап жатыр

18 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Еуропадағы газдың биржалық бағасы мың текше метр үшін 2% өсіп, 516 долларға жетті. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.
IСЕ биржасының мәліметі бойынша, TTF (Нидерландыда орналасқан Еуропадағы ең ірі хаб) индексі бойынша желтоқсан айындағы фьючерстер мың текше метрге 490,7 АҚШ долларымен (-3,4%) ашылды. Бұл 18 қараша күнгі ең төменгі баға болды. Соңғы фьючерстер 516,1 доллардан (+1,6%) саудаланды. Өткен жылы Еуропада газдың орташа биржалық бағасы мың текше метрге шамамен 460 долларды құрады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында баға тұрақты болды, бірінші тоқсанда орташа есеппен 310 долларды, ал екінші тоқсанда шамамен 355 долларды құрады, бұл 2021 жылдың мамыр-маусым айларының деңгейіне сәйкес келеді.
Үшінші тоқсандағы орташа баға 405 долларға дейін өсті.
 
19 қараша 2024 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930