Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада биыл бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды

Қызылордада биыл бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды

Қызылорда облысында жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды.
102 мобильді қосымшасына 22 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді. Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады.
Қызылорда облысында жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды.
«Жыл басынан бері бейнебақылау камераларымен 41 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 34 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам, қоғамдық орындарда тиісудің 300 дерегін тіркеді. Одан бөлек 2026 басқа да құқық бұзушылық анықталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық полицейлер есірткі қылмысы бойынша күдіктіні төрт жылдан кейін ұстады.
Фото: Kazinform

10 қазан 2024 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930