Биыл 12 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігінен айырылды
15 шілдеде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 2024 жылдың алты айындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу статистикасын жариялады. Оның айтуынша, көлікті масаң күйде жүргізу салдарынан 178 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шыңғыс Әлекешев Қазақстанда 1,3 миллион бейнебақылау камерасы бар екенін еске салды. Осылайша, автоматты тіркеу жүйесі жарты жылда 3,9 миллион жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеген.
Шыңғыс Әлекешев Қазақстанда 1,3 миллион бейнебақылау камерасы бар екенін еске салды. Осылайша, автоматты тіркеу жүйесі жарты жылда 3,9 миллион жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеген.
«Ішкі істер министрлігі «Қорғау» бағдарламалық жасақтамасын жасап шығарды, ол полицияға заң бұзушыларды анықтауға және олармен жедел профилактикалық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2024 жылдың басынан бері «Қорғау» бағдарламасы бойынша 339 мыңнан астам көлік тексерілді, 20 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 9 мыңға жуық көлік айыптұраққа жіберілді, жалған нөмірлі 173 көлік тіркелді», деді Шыңғыс Әлекешев.Оның айтуынша, полицейлер де көлік тәртібін күшейту шараларын қолға алған.
«Алты айда 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Осыған байланысты жыл басынан бері 178 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 26 адам көз жұмды», деп түйіндеді ведомствоның ресми өкілі.