Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада екі тәулікте көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды

Елордада екі тәулікте көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері «Мастер – жүргізуші қылмыскер» жедел алдын-алу шарасын өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жедел алдын алу шарасы жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында  ұйымдастырылды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖАІШ өткізілген екі күннің ішінде полиция қызметкерлері 800-ге жуық жол қозғалыс ережелері бұзылғанын анықтады. Көлікті мас күйінде басқарған  17 жүргізуші ұсталды. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлері жыл басынан мұндай 300-ден астам жүргізушіні анықтады. Сондай-ақ, ЖАІШ барысында қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 50-ге жуық фактісі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуынға қатысты 50-ге жуық оқиға, автокөлік құралдарын жүргізу кезінде жүргізушілердің ұялы телефондарды пайдалануына қатысты 30-дан астам жол ережесін бұзу оқиғасы анықталды.   
15 мамыр 2019 ж. 921 0