САЛМАҚТЫ САРАЛАУДАН ӨТКЕН ЖАҢА НҰСҚА
Қоғамнан зор қолдау тапқан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында маңыздылығына тоқталған негізгі міндеттің бірі – латын әліпбиіне көшу бастамасы болатын. Елімізде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданыста болған латын қарпі бізге таңсық емес. Түркі тілдес мемлекеттерінің көбінде қолданыста латын әліпбиі. Барлық салаға сандық жүйені енгізуді мақсат еткен тұста латын қарпінің де маңыздылығы жоғары деп білемін. Ақпараттық технологиялар тілін еркін меңгеріп, әлемнің озық оқулықтарын оқуға жол ашады.
Елбасы латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиін бекітті. Ақжолтай жаңалықты әлеуметтік желілерден көріп, қуанышпен бөлістік. Бұқара пікірі бір арнада тоғысып жатыр. Халықтан кең қолдау тапқаны жаңа әліпбидің апострофтарының алынып, бірнеше әріп диграф арқылы жазылатыны болып отыр. Халық пікірі ескеріліп, тікелей Елбасының бақылауында болған бұл әліпбидің кешегі бекітілген нұсқасында кеңінен сараланып Жарлыққа қол қойылғаны белгілі. Баршамызға қолайлы нұсқаны кері тартуға салмай жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс жасағанымыз жөн. Елдің ертеңі болар жастар да бұл нұсқаның тиімділігін алға тартуда. Ендігі міндет – жаңалық болған Жарлықты қолдай білу.
Шералы ҮРКІМБАЕВ,
ҰТО-ның №72 филиал жетекшісі.