Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕҢЕС ДҮЙСЕКЕЕВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ӘН ТАРТУ ЕТТІ

КЕҢЕС ДҮЙСЕКЕЕВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ӘН ТАРТУ ЕТТІ



Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің "Сыр елі" әнінің таныстырылымы өтті. Жаңа ән сазгердің Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арнаған тартуы.
Композитордың өскен жерге деген ыстық ықыласын паш ететін туынды Кеңес Дүйсекеев атындағы "Туған жер" атты әншілердің республикалық байқауының гала-концертінде алғаш рет шырқалды.
Айта кету керек, аталмыш байқау биыл 6 рет ұйымдастырылды. Таланттылардың бәйгесінде қызылордалық әнші Ринат Үсенов бас жүлдені жеңіп алды. «Сарын» триосы (Онтүстік Қазақстан обл.) бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мұратбек Жұмашев (Атырау обл.) және Арайлым Маханбетжановаға (Қызылорда қ.) бұйырды. Дәулетқали Айбек (Батыс Қазақстан обл.), Құрбан Ақерке (Алматы обл.) және Әжібай Тасқын (Қостанай обл.) үшінші орынды өзара бөлісті.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев та сайыс жеңімпаздарын құттықтап, туған жерге ән арнаған композитор К.Дүйсекеевке алғысын білдірді. "Туған жер" республикалық байқауы келесі жылдан бастап халықаралық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы гала-концерт барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Туған жер» республикалық байқауы 2008 ж.бері екі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. 
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.
27 сәуір 2018 ж. 2 213 0