Теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында турнир өтті
Қызылорда қаласының «Нұрсәт» теннис орталығында теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Kyzylordа masters» республикалық турнирі өтті.
Осымен қатарынан жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қырғызстаннан және еліміздің 9 облысынан 12 команда 70-тен аса теннисшілер сынға түсті.
Нәтижесінде ұлдар арасында қызылордалық Жақас Қозбақ турнир жеңімпазы атанса, Алматы қаласынан Заңғар Нұрланұлы екінші, қызылордалық Бекжігіт Минаж үшінші, оңтүстікқазақстандық Әділет Сауат төртінші орындарды иеленді.
Қыздар арасында Алматы қаласының спортшылары жүлделі орындардың барлығын жеңіп алды. Бірінші орынды Анеля Кильдиярова алса, күміс жүлде - Таира Абильдаеваға, қола жүлде - Софья Исаковаға бұйырды. Төртінші орынды - Стефания Пушкарь еншіледі.
Микст ерекшелігі бойынша 1-орынды оңтүстікқазақстандықтар Адия Әбдіғаппар мен Дамир Ибрагимов, 2-орынды Алматы қаласының спортшылары Заңғар Нұрланұлы мен Анеля Кельдиярова, 3-орынды шымкенттік Ерназар Дүйсенбай мен жамбылдық Сатима Төреген иеленді. Ал төртінші орынға шымкенттіктер Данил Тазабеков пен Камила Сатыбалдиева ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.