Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті


Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер және жастар арасында  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Дүбірлі додада Қызылорда облысының құрама командасы 12 медаль олжалап (6 алтын, 5 күміс, 1 қола), жалпыкомандалық сында екінші орынды иеленді.
Бірінші орынды Астана, үшінші орынды Алматы қалаларының спортшылары еншіледі.
Жекелей есепте классика және рапид бойынша  Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қос-қостан алтын медаль жеңіп алса, Кәусар Али классикадан – алтын, рапидтен – күміс жүлдеге ие болды.
Рапид бойынша Сұлтан Аманжол екінші, Сақыпжамал Бармағамбетова  үшінші орындарды иеленді. Ал Назерке Нұрғали блиц түрі бойынша ел чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды.
Сондай-ақ, шахматтың осы түрінен Әсел Серікбай, Ақылжан Мейірханұлы және Сақыпжамал Бармағамбетова екінші орыннан көрінді.  
18 қаңтар 2018 ж. 1 495 0

Қоғам

БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ
26 наурыз 2025 ж. 81

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

№20 (9287)

18 наурыз 2025 ж.

№19 (9286)

15 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31