Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді

Өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді


​​​​​​​​Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай  «Мұз айдыны» спорт кешенінің гимнастика залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен көркем гимнастикадан облыстық  ашық чемпионат өтті. Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған жарысқа Алматы қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 2001-2012 жылдары туылған 300-дей гимнастшылар жекелей және топтық жаттығу бойынша шеберлік байқасты.
Жарыс нәтижесінде облысымыздың гимнастшы қыздары жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жекелей сында Айша Сұлтан, Зере Әбдіқабыл, Айна Ақпанбет, Дана Садықова, Аружан Құрмантай және Диана Қанатбек жеңімпаз атанды.
2005-2006 жылдары туылған қыздар арасында топтық жарыста Құралай Сапар, Салтанат Сейтмұхан, Ақбота Өтеген, Әсел Марат, Ақмейір Пазылбекқызы бірінші орынды иеленді.
Ал 2010 жылы туғандар арасындағы топтық жарыста Зере Әбдіқабыл, Айна Ақпанбет, Кәусар Сейілбек, Ақерке Елеусінова және Айша Иса чемпионат жеңімпаздары атанды.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031