Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордада ет экспорты жолға қойылды

Қызылордада ет экспорты жолға қойылды


Соңғы 5 жылдың өзінде Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі артып келеді. Осының нәтижесінде ет өндірісі мен өңдеу ісін дамыту үшін инвесторларды тартуға мән беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 61-ші қадамында ет өндірісі мен етті өңдеуді дамыту үшін инвесторларды тарту қажеттігі айтылған. Негізгі міндет - шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау екені көрсетілген. Мамандардың айтуынша, соңғы бес жылда бұл салаға тартылған инвестиция көлемі 23 есеге ұлғайған. Қазір Иран, Қытай, Моңғолия, Еуропа, Ресей елдері Қазақстанда өндірілетін табиғи өнімдерге үлкен қызығушылық танытып отыр. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының аясында мал басы көбейіп, тұқым түрлендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тек соңғы 5 жылда 4,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара, 36 мың қой сатып алынды. Жылына 23 мың мүйізді ірі қараны бордақылайтын алаңдар салынды. Жем қорын қалыптастыру мақсатында егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп, құрама жем өндіретін екі зауыт іске қосылды. Аймақ тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі «Агрокартасы» қабылданды. Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыстық «Агрокартаны» іске асырудың 2018-2022 жылдарға арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сай 2022 жылға дейін облыста ет өндірісін 13 мың тоннаға, сүт өндірісін 68 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ, 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 есеге дейін арттыру мүмкіндігі бар. Облыстың географиялық жағынан тиімді орналасқанын да айта кеткен жөн. Өнімдерді Қытай, Орталық Азия, Ресей, Еуропа мемлекеттеріне экспорттауға болады. Осындай игілікті істі қолға алғандардың бір - Жаңақорған ауданындағы «Көбелдес» шаруа қожалығы. Шаруа қожалығы Иранға қозы етін экспортқа шығару ісін жолға қойған. Шаруа қожалығы қазақы қой тұқымын күтімге алған. Асыл тұқымды қой шаруашылығы соның нәтижесінде нақты істерге жол ашып, мол табысқа кенеліп отыр. Қожалық төрағасы Нышан Молдашев өңірде алғашқылардың қатарында малды қолдан ұрықтандыру ісін жолға қойды. Сондай-ақ, қойдың қоң жинауына баса назар аударады. Қожалық қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойымен айналысады. «Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы етті тұқым болып келеді. Қошқарының тірідей салмағы 90-110, саулығы 60-65 келіге дейін тартады. Негізінде әр 100 саулықтан 105-112 қозы алуға дейін мүмкіндік бар. Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. Дене бітіміне байланысты 3 топқа бөлінеді. Ірілеріне еділбай, қостанай, терісаққан, ырғыз-шалқар, бағаналы, бесата секілді түрлері кіреді. Сыр өңірінде негізінен еділбай тұқымы өсіріледі», - деді Н.Молдашев.
Әділжан Үмбет  
inform.kz
19 маусым 2018 ж. 479 0

Қоғам

Ақ халатты Ақтоты

08 шілде 2020 ж.

Әлемі бөлек Әшімхан

08 шілде 2020 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (8804)

08 шілде 2020 ж.

№50 (8803)

04 шілде 2020 ж.

№49 (8802)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам