«АЛТЫН ДӘН» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Аталған жәрмеңкеде Қызылорда облысының шаруалары 340 жүк көлігіне тиелген 1000 тоннадан астам өнімдерді тұрғындарға базар бағасынан төмен бағада ұсынды. Атап айтқанда, күріш 220 теңгеден, сиыр еті 1750 теңгеден, пияз 80 теңгеден, картоп 170 теңгеден, балық өнімдері 1000 теңгеден сатылды. Айта кетейік, барлық ауыл шаруашылық өнімдері облыс орталығында нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Ал, молшылық тойына барлық аудандардан 190 тоннадан астам күріш өнімі, 140 тоннаға жуық картоп, 40 тонна пияз, 320 тонна көкөніс өнімдері, 180 тонна бақша өнімі, 40 тонна асқабақ, 20 тоннаға жуық ет өнімі, 40 тонна балық, 7 тоннадан астам сүт, 40 тоннадан астам мал азығы жеткізілді. Тасбөгет кентінің Орталық алаңында аудандық шаруалар табиғи таза өнімдерін ұсынып, жәрмеңке көркін қыздырды. Мұнда тұрғындар үшін Шиелі ауданынан 40 тоннадан астам күріш, 75 тонна бақша өнімі, 60 тонна картоп, 65 тоннадан астам көкөніс өнімі, 1 тоннадай балық пен ет өнімі, 1 тоннаға жуық сүт өнімі мен 15 бас тоқты жеткізілді.
«Өскен өңір» ақпарат