Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ: САПАЛЫ ӨНІМ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ: САПАЛЫ ӨНІМ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА

Өткен аптада Алаштың анасына айналған Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының 202 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай сенбі күні ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Облысқа қарасты жеті аудан және қаланың ауыл шаруашылық құрылымдары шаһардың 8 жерінде төмендетілген бағамен өнімдерін ұсынды. Жаппай сатылымға күріштен бастап көкөніс, бақша дақылдары, ет, балық, сүт өнімдері мен мал азығы сынды 40-тан аса өнім түрі әкелінген. 455 көлікке артылған 1 700 тоннадан астам, құны 265,5 млн теңгені құрайтын өнім қала халқына нарықтағыдан 10-15 пайызға төмендетілген бағамен ұсынылды. Оның ішінде қала шаруалары жәрмеңкеге 75 көлікпен 214 тонна өнім шығарса, аралдықтар 30 көлікпен 50 тонна, қазалылықтар 35 көлікпен 200 тонна, Қармақшыдан 86 көлікпен 197 тонна, Жалағаштан 60 көлікке тиелген 170 тонна өнім келді. Сырдариялықтар 46 көлікке 165 тонна өнім артып келсе, жаңақорғандықтар 53 көлікпен 452 тонна өнім жеткізді.Игі шарадан шиелілік шаруалар да қалыс қалмады. Балғын, сапалы 330 тонна өнімін 70 жүк көлігіне тие­­ген жерлестер Тасбөгет кентіне қарай жол тартты.
Сенбі күнгі сауда жаз бойы бейнеттеніп, өнім өндірген жергілікті өндірушілердің тауарын үлкен көлемде әрі тез сатуына жағдай жасап, тұрғындарға азық-түлікті делдалсыз, арзан бағамен алуға мүмкіндік сыйлады.
Жыл сайын мереке қарсаңында облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Бұл – қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер ғана саудаланады. Әрі бағасы да қолжетімді. Жәрмеңкеде жаппай сатылымды көптен күтіп жүрген қала тұрғындарының қарасы көп. Сатылымда облыстағы шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлер ұсынған күріш, ет, сүт, қаймақ, қымыз, шұбат, жұмыртқа, көкөніс пен жемістің саналуан түрін арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол болды.
Жәрмеңкеде 30-дан аса өнім арзан бағамен сатылды. Мәселен, қамбаға жаңа түскен 50 тонна ақ күріштің келісі – 225 теңгеден саудаланса, картоп, сәбіз, қызылша – 100 теңгеден сатылды. Сол секілді қала тұрғындарына қияр – 140, қызанақ – 90, қауын мен қарбыз – 80, балық – 450, талқан мен сөк – 600, құрт – 2125, сары май – 2000 теңгеге ұсынылды. Жәрмеңкеге шиелілік шаруалар уақ малын да апарды. Қойдың бір басы 45 мың теңгеден саудаланса, тоқты – 27 мың теңге, ешкі – 29 мың теңгеден сатылды. Жалпы жәрмеңке барысында 45 тоқты, 35 қой, 20 ешкі қала тұрғындарына саудаланды.
Ал жәрмеңкеге жалпы құны 48 млн теңгеден асатын 313 тонна Шиелінің төл өнімі шығарылды.
Қаланың мерейлі мерекесінен бастау алған жәрмеңке облыс орталығында әр сенбіде желтоқсан айына дейін жалғасын таппақ.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ
29 қыркүйек 2020 ж. 578 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 44

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031