Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліден 33 тонна өнім аттанды

Шиеліден 33 тонна өнім аттанды

21-22 қыркүйек күндері елордада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Оған шиелілік шаруалар 8 түрлі өнімін ұсынған. Атап айтсақ, ақ күріш пен қауын-қарбыздың әрқайсысы 5 тоннадан, 10 тонна асқабақ, 6 тонна қызанақ, 1 тонна болгар бұрышы және 500 келіден қияр мен баклажан жөнелтілді.
– Бағаның арзандығына көңілі толған Елорда тұрғындары экологиялық таза өнімдерді шаруалардың өздерінен сатып алуға асыққан сияқты. Өйткені таң атпай алаңға ағылған халық арзан өнімді ептеп емес, көптеп алуға тырысты, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков.
Айта кетейік, Шиеліден барған өнімдер ондағы жергілікті бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
28 қыркүйек 2019 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031