Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі өнімі облыс төрінде

Шиелі өнімі облыс төрінде

Өткен сенбіде Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Оған Шиелі шаруалары өнім апарып, нарық бағасынан арзан сатты. Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Шиелі ауданынан 40 тоннадан астам күріш, 25 тонна бақша өнімдері, 60 тонна картоп, 25 тонна асқабақ, 50 тонна көкөніс өнімдері, 3 тоннаға жуық ет, 1 тонна шұжық, балық өнімдері жеткізілді.
Сондай-ақ, тауарлар нарық бағасынан 10-15% төмен бағада сатылды. Көктем басталғалы Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 2-ші рет өткізіліп отыр. Бастысы, табиғи таза өнім. Сондықтан, сұраныс жоғары. Шаруалар өз өнімдерін еш делдалсыз саудалады. Күріш, ет, балық және сүт өнімінің барлық түрлері мен мал азығы (жоңышқа пресс, күріш қалдығы т.б) әкелінді. Жәрмеңкеге кәсіпкерлер де үлес қосты. Ауданның ірі шаруашылықтары мен кәсіпкерлері өнімдерін өз бағаларында халыққа ұсынды, – деді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Әшірбеков.

«Өскен өңір» ақпарат
12 қазан 2021 ж. 859 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930