Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Қ.Тоқаев: Жаңа министрлік құрылады

Президент Қ.Тоқаев: Жаңа министрлік құрылады


Елде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Бұл туралы Президент Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауы барысында айтып өтті. Президент жасанды интеллектінің дамуы қазірдің өзінде жастар мен қоғамның мінез-құлқына әсер етіп жатқанын жеткізді.
«Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық міндет қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Алдымен цирфлық кодексті қабылдауды тездетуіміз керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын», – деді ол.
Президент жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейінде тұлға басқаруы керектігін атап өтті.
08 қыркүйек 2025 ж. 2 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031