Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күні. Осыған орай облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы ипподромда кең көлемді мерекелік іс-шара өтті.
Қазіргі таңда 30 мыңнан астам қызылордалық ұлттық спорттың 10 түрімен тұрақты айналысады. Сыр спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олардың қатарында қазақ күресінен Мақсат Исағабылов, Нұрым Сәлімгереев, Еңбек Сақтағанов, Руслан Теміржан, тоғызқұмалақтан Бексұлтан Бостандықов, алыш күресінен Назерке Әбілтаева, көкпардан Әлем чемпионатына қатысқан Медетбек Балғынбек бар.
Іс-шарада спорт ардагерлері мен қала тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық ойындарға белсенді қатысты. Атап айтқанда, арқан тартыс, қазақ күресі, садақ ату, қол күресі, асық ату, ләңгі тебу, теңге ілу, тоғызқұмалақ және аударыспақ жарыстары ұйымдастырылып, 400-ге жуық спортшы бақ сынады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
21 наурыз 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031