Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – ЫҚПАЛДЫ КҮШ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – ЫҚПАЛДЫ КҮШ

Жақында Шиеліде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімі Айтбай ­Жандарбеков, «Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев және төраға орынбасары Марат Бәйімбетов қатысты.
Комиссия мәжілісінің күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған аудандық келісім аясында атқарылған жұмыстар жайлы, облыстық кәсіподақ орталығының қызметі жөнінде, «РУ-6» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі мен жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуы жайында және аудан әкімдігі, кәсіподақ және жұмыс берушілер арасындағы Өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою секілді маңызды төрт мәселе қаралды.
Сонымен қатар комиссия отырысының қорытындысы ретінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты көздейтін меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, меморандумға қол қойған кәсіпорындар мен ұйымдар қатарында «РУ-6» ЖШС, «Волковгеология» АҚ «№23 экспедициясы», «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалы, «Фирма Балауса» ЖШС, «Уранқуат» ЖШС Шиелі энергокешені, «КНК Кемикал» ЖШС Қызылорда филиалы, «Шиелі Жолшы» ЖШС, «Ляньцзи Инвест Сервис Қазақстан» ЖШС, «Ақмая», «Төңкеріс К», «Бидайкөл» шаруа қожалықтары, «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» ­филиалы және тағы басқа мекемелер бар. Келелі басқосуда әлеуметтік әріптестікті бұрынғыдан да жандандыра түсу, ортақ түйіндерді бірлесіп шешу қажеттігі айтылды. Бұл бастама – өңірде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен еңбек қатынастарын өркениетті деңгейде жүргізуге бағытталған маңызды қадам десек, қателеспейміз.

Айнұр ИБРАШЕВА
06 шілде 2025 ж. 28 0

Қоғам

Форум – БАҚ назарында
08 шілде 2025 ж. 37

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031