Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы өнеркәсіптік келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі  Ұлттық академиялық кітапханасында өнеркәсіп қызметкерлері мен кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы жұмыс берушілер мен мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкері арасындағы әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарының міндеттерін айқындайды және әлеуметтік әріптестікті жетілдіруге бағытталған.
–Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім біздің жұмыс беруші мен министрліктің құзыретіне жататын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарының міндеттерін анықтайды. Бұл біздің екінші келісім, ол сала қызметкерлерінің әлеуметтік, еңбек және экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Бірінші келісім бойынша біз біздің сала қызметкерлерінің біліктілік талаптарын әзірледік, – деді Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.
Тараптар әлеуметтік, еңбек және экономикалық және басқа да қатынастарды реттеу, сондай-ақ еңбек саласындағы еңбекшілердің құқықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша өзара консультациялар мен ұжымдық келіссөздерге дайын екендігін растады.
Келісімді іске асыру шеңберінде жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуді қарау бойынша тұрақты түрде қызмет ететін Салалық комиссия құрылған.
–Біздің Келісім еңбек қатынастарын сақтау, еңбекке ақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кепілдіктерді, жеңілдіктер мен басқа төлемдерді қамтамасыз етуді қарастырады. Бір ай мерзімде Келісімді іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасау және қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақ ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері басшыларының назарына жеткіземіз, –деді «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы келісімге екінші рет қол қойылды. 2015 жылы бірінші өнеркәсіптік келісімге қол қойылған болатын.
Еркін ҚАЛДАН
09 ақпан 2018 ж. 1 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031