Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҮЛЕНГЕР БАҒБАН

ШҮЛЕНГЕР БАҒБАН

Шиелі жұртшылығы үшін бағбан сөзімен Әлияр Сейітовтің есімі қатар жүреді. Саналы ғұмырын су шаруашылығы саласына арнаған жанның сүйікті ісі – бау-бақша өсіру. Ол өсіріп қана қоймайды, елмен бөліседі.
Әсіресе, алғашқы қоңырауда мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндердің құшағын өзі өсірген гүлмен толтыруы ерекше дәстүрге айналған. Одан бөлек, бал татыған қауыны мен алма бағы жемісін бергенде сүйіншілеп, ел-жұртқа ауыз тигізетіні тағы бар. Осы әдетіне сүйсінген шиеліліктер Әлияр Сейітовті шүленгер атап кеткен.
Он жылдан аса уақыт алма бағын баптап келе жатқан бағбан биыл да жемісі пісе сала себетіне салып алып, алдымен аудан ардагерлеріне, одан соң «қуанса, бала қуансын» деген ниетпен балабақша бүлдіршіндеріне дәм таттырды. Иә, бұл — жылдағы үрдіс. Шілденің соңына қарай тәттілігі тіліңді ойып жіберердей қауындары уылжып пісетін уақытын ел біліп алған. «Әлиярдың алмасы мен қауыны қашан пісер екен?» деп, мойын созып күтіп отырады бұл күнде.
Бақшаның бабын тауып, қуаң жерді шұрайландырған бағбанның берекелі ісі кейінгіге өнеге болары анық.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
07 шілде 2025 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930