БАҒБАН БАЗАРЛЫҒЫ
Гидротехниг, су саласының ардагері Әлияр Сейітов 7 жылдан бері 1 сынып оқушыларының жүзіне қуаныш сыйлап келеді. Ол биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, 80 баланың құшағын гүлмен көмкерді.
Еңбек адамы 1 қыркүйек күні Алмалы, Тоғайлы, Жансейіт, Тұрсынбай Датқа, 21 бекеттің кішкентай тұрғындарына гүл шоғын ұстатты. Мерекелік шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбетова, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары қатысты.

–Адамның өмірі баламен қызық қой. Қазақта «бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» деген жақсы сөз бар. Гүл таратудағы басты мақсатымыз мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың көңілін көтеру. Екіншіден, оқушылар болашақта еңбекқор болса, гүлдей құлпырып жүрсе деген ниет. Адамгершілік қасиеттерін бүлдіршін кезінен бала бойына сіңіру тек ата-ана мен мұғалімдердің мойнындағы міндет емес. Кез келген адамның жақсылығын көрген бала, өскенде айналасына шуағын төгіп жүретін болады, – деді Ә.Сейітов.
Осылайша құшағын гүлге толтырған балалар жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастады.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ