Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында бағбан жүзімнің жаңа түрін өсіріп шығарды 

Түркістан облысында бағбан жүзімнің жаңа түрін өсіріп шығарды 

ТүÑкÑÑÑан облÑÑÑнда баÒбан жүзÑмнÑÒ£ жаңа ÑÒ¯ÑÑн Ó©ÑÑÑÑп ÑÑÒаÑдÑ

Түркістан облысының бағбандары ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, бау-бақшаны дамытудың тың тәсіліне көшті. Мәселен, Жетісай ауданындағы жер емген диқан Ербол Ералиев 40 гектар жеріне жүзімнің жаңа 9 сұрпын жерсіндіріпті. Жүзім көшеттерін бағбан Украинаның Одесса қаласынан алдырған. «Себебі көршілес Өзбекстан, Тәжікстаннан келетін өнімдерге төтеп беріп, бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ал Орта Азияда дайындалған жүзім түрімен шетел нарығына шығу қиын» дейді бау бақша иесі. Бағбан шетелден әкелген жүзімнің дәмін татып үлгерді. 40 гектар алқаптан 20 тоннаға жуық өнім жинаған. Мұнда жүзімдерге тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Ал бауға қажетті құралдарды кәсіпкер әрі бағбан Ербол өз кәсіпорынында дайындайды. Ербол Ералиев, бағбан: - Қазір екінші жыл ғой. Жүзім тәртіп бойынша 4 жылда өнім береді. Бұл жылдың өзінде біз гектарына 2 тоннадай жоспарлап отырмыз. Біз енді бәрін бірдей пісетін қылған жоқпыз. Кезеңімен піседі. Сатуға қолайлы болсын дедік. Қазақ та сөз бар ғой «Еге білген диқан емес, сата білген диқан» дейді ғой. 110 күндігі бар, 115-117 күндіктері бар. Сол поэтапно дайындағанбыз.

www.24.kz
29 сәуір 2019 ж. 971 0