Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында зәйтүн майын өндіретін зауыт салынады 

Түркістан облысында зәйтүн майын өндіретін зауыт салынады 


Түркістан облысының Жетісай ауданында Испания мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны зәйтүн майын өндіретін зауыт салмақшы, деп хабарлайды «Хабар 24». «Қазір ауданнан оған қажетті төрт жер телімі бөлініп қойған», – дейді жергілікті атқамінерлер. Шетелдік мамандар өткен жылдың күзінде Жетісай ауданына келіп, топырақтан сынама алып кеткен болатын. Зерттеу нәтижесі бойынша, бұл өңір зәйтүн ағашын отырғызуға ең қолайлы аймақ болып танылды. Биыл зауыт құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, көршілес Өзбекстанның Жызақ облысы зәйтүн егіп, мол өнім алуда. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары Жызақ пен Жетісайдың арасы жақын екенін айтады. Майлы дақыл егілгеннен кейін 5-6 жылда жеміс береді. Бір түбінен жылына 20-40 кг дейін өнім алуға болады. Зәйтүн ағашы ұзақ жасайды. Егер жоба сәтті жүзеге асса, жергілікті шаруалар да майлы дақылды өздері егуді қолға алмақ. Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының әкімі: – Өткен айда біз оларды тағы да шақырып, екі жерді ұсындық. Біріне 40, екіншісіне 30 гектар жер бердік. Егер өнімдері жақсы болатын болса, келешекте оның көлемін арттырып, зәйтүннен түрлі өнім шығаруға толық мүмкінік бар.

www.24.kz
15 наурыз 2019 ж. 1 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930