Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Осы жылы Қазақстанда ядролық отын өндірісі басталады

Осы жылы Қазақстанда ядролық отын өндірісі басталады

2019 жылдың соңында Қазақстанда ядролық отын өндірісі бойынша зауыт іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясында хабарлағандай, жобаға салынған инвестициялар көлемі шамамен 135 млн долларды құрады.

Ақпаратқа сәйкес, зауыт құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында басталған.

«Жобаны жүзеге асыру қазіргі уақытта құрылыс кезеңінде тұр. Зауыттың жобалық қуаты – атом станцияларына арналған отын түрінде жылына 200 тонна уранды құрайды. Кәсіпорында 120 астам жұмыс орны құрылады», - деді компанияда.
Айта кету керек, шығарылған барлық өнім Қытайға экспортталады деп жоспарланып отыр.

Жоба Қытайдың бас ядро-энергетикалық корпорациясымен (CGN) жүзеге асырылып жатыр. Зауытты басқару Үлбі металлургия зауыты (51%, «Қазатомөнеркәсіптің еншілес компаниясы) мен CGNPC-URC (49%, CGN еншілес компаниясы) құрылтайшылары болып табылатын «Үлбі – ТВС» бірлескен кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасында түсіндіргендей, зауыт жобалық қуатына 2023 жылы шығады деп жоспарланып отыр.

baq.kz

24 қаңтар 2019 ж. 1 026 0