Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУҚЫМДЫ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ УАҚЫТЫНАН БҰРЫН БІТПЕК

АУҚЫМДЫ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ УАҚЫТЫНАН БҰРЫН БІТПЕК


Бұл туралы бүгін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 

Жылына 1 млн.тонна тампонажды цемент өнімін шығаратын Қазақстан бойынша тұңғыш зауыт ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында іске қосылады. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және өндірістік қуаттарды тасымалдау бойынша 51 бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының тізіміне енгізілген.
"Ағымдағы жылдың желтоқсан айында біз Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тампонажды цемент зауытын мерзімінен бұрын іске қосамыз", - деді аймақ басшысы .
Қазіргі уақытта нысанның барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, жабдықтарды монтаждау  жұмыстары жүргізілуде.  
 Айта кетейік, кәсіпорында 260-тан астам адам жұмыс істейтін болады. Жергілікті салық көлемі артады, сондай-ақ, өндірісті іске қосу арқылы цементке арналған қаптар, асфальтбетонға минералды шаң шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді. 
05 қараша 2018 ж. 1 411 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 32

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930