Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында болашағы зор инвестициялық жоба қолға алынды

Ақтөбе облысында болашағы зор инвестициялық жоба қолға алынды

Ақтөбе облысындағы «Нитрохим» зауыты шикізатты Ресейден алмайтын болды. Себебі көрші елде өнім шығаруға қажетті бұл тауардың бағасы өсіп кеткен. Алға қаласында орналасқан зауыт жұмысын тоқтатпас үшін Мұғалжар ауданынан шикізат өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Инвестициялық жобаны іске асыруға Қытайдың Трансұлттық компаниясы 500 млн доллар көлемінде қаржы құймақ. Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына сапары кезінде арнайы келісімшарт жасап қайтты. Шикізат өндіретін кәсіпорын газ тасымалдаушы магистральды құбырдан 500 метр қашықтықта салынады. Мемлекет тарапынан жер учаскесі бөлінген. Жоба іске асқан кезде, зауыт толық қуаттылыққа шығып, жылына 450 мың тонна өнім өндіреді. Оның біраз бөлігі экспортқа шығады деп жоспарланған.  Сонымен бірге 1000 адам жұмысқа орналасады. Еліміз бен өңірдің экономикасы үшін маңызды жобадан жылына 1 млрд теңге салық түседі деп күтілуде. Әнуар Сабыр: - Жарылғыш заттар шығару үшін қажетті шикізат – техникалық аммиакты тыңайтқыш. Алға қаласындағы зауыт қазір толық қуаттылыққа шыға алмай отыр. Себебі қажетті шикізат бағасы шарықтап кетті. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы – шикізатты арзан бағамен өзімізде өндіру. Ол үшін қолайлы жағдай бар. Құрылыс 2 жылдан кейін аяқталып, жоба іске қосылады деп жоспарлап отырмыз.

24.kz
13 маусым 2018 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031