Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында жаңа электр станциясы салынады

Түркістан облысында жаңа электр станциясы салынады

Түркістан облысында күн электр станциясы салынады. Құрылыс жұмыстары жарты жылдың көлемінде басталып, 10 айдың ішінде аяқталуы тиіс. Бұл туралы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған форумда айтылды. Жиында тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Айта кетейік, жоба құны – 15 миллион доллар. Сондай-ақ өңірде шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларды өндіретін зауыт салу жоспарда бар. Аталған нысандардың құрылысын толығымен оңтүстіккореялық инвесторлар қаржыландырады. Джон Енг Сун, компания президенті /Оңтүстік Корея/ – Былтыр Астанада халықаралық ЕХРО көрмесінің өткенін білеміз. Сондықтан Қазақстанда баламалы қуат көздеріне ерекше мән берілетіні белгілі. Мұнда осы сала бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруға болады. Ол үшін жақсы жағдай жасалған. Корея технологиясы мен Қазақстанның мүмкіндігін қосқанда, әлемдік дәрежедегі тауар өндіруге болады. Бақытбек Танагөзов, Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі: – Құрылатын станция 10 мегаваттық болады. Болашақта оның көлемін ұлғайу мәселесі бар. Тұтынатын Түркістан облысының аймақтары болып есептеледі.

www.24.kz
07 қараша 2018 ж. 1 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930