Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

Журналист – тек ақпарат жеткізуші ғана емес, ел мен елдің, қоғам мен билік арасын жалғайтын алтын көпір. Мәдениет пен ­руханиятты өрге сүйреген, бүгінде аудандық ақсақалдар кеңесін басқарып, «Өскен өңір» газетінде үнемі ойлы мақалаларымен танылып жүрген Исабек Байкенжеев ҚР Журналистер одағының мүшесі атанды. Бұл мәртебелі құжатты облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасында өткен жиында Қазақстан Журналистер одағы Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Қуат Шарабидинов салтанатты түрде табыс етті.
Ол 1958 жылы Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебіне 1 сыныпқа оқуға барып, 1976 жылы №149 «Қызыл ту», осы мерзімде Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебін бітіреді.
1977-1979 жылдары Совет армиясы қатарында әскери міндетін өтеп, 1980-1982 жылдары ҚР Компартиясы Орталық Комитеті «Дәуір» баспаханасында газет басушы қызметімен қатар қоғамдық негізде ­бастауыш комсомол комитеті хатшысы қызметін атқарған. Жастайынан зерек, білімге құштар И.Байкенжеев 1982-1987 жылдары Алматы Қазақ политехникалық институты тау-кен факультетінде тау-кен инженері мамандығы бойынша үздік білім алып шығады.
Еңбек жолында «Шалқия» кенішінде ауысым шебері, инженер, бастауыш партия ұйымының хатшысы болып қызметтер атқарған. Сондай-ақ Жаңақорған аудандық кеңесінде аға референт, аудан әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарып, аудан әкімдігі аппарат басшысы, «Шалқия» кен басқармасында директордың орынбасары болып та еңбек еткен.
Әрі қарай еңбек жолы Шиеліде жалғасты. Мұнда ол ҚР Әділет министірлігінің жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығы Шиелі филиалының басқарушысы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бастығы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымдарында басшылық қызметтер атқарды. Ал 2017 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін жасады.
Қолы қалт еткенде тағылымды жазбалар жазып, қағаз шималайтын әдеті оның бала кезінен басталған екен. Уақыт келе шабыттан туған жазбалары оның әдет емес, нағыз өнер екенін аңғартқандай.
Бүгінде «Штаттан тыс тілші» атанған ол аудандық қоғамдық-саяси «Өскен өңір» газетімен тығыз байланыс орнатып, мақалаларын басылым бетіне жиі шығарып тұрады.
Еңбек еріне лайықты іс атқарып, бар ғұмырында туған жердің төсінде, халқына қызмет етумен жүрген азаматтың еңбегі еленіп, қазірге дейін біршама «Құрмет грамотасы» мен Алғыс хатпен марапатталып жүр. Отбасында да үлгілі жан. Жары Гүлдана Әбиболлақызымен ұл-қыз, немере тәрбиелеп отырған арда азамат.
Өркениетті елдердің қайсысында болсын бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мерзімдік басылым ерекше ықпалдылыққа ие болып келеді. Сол себепті де журналистиканы қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей сала дейміз. Журналист – тынымсыз еңбектің адамы. Ал одаққа мүше болу – үлкен сенім. Қазіргідей уақытта сол сенімге, жалпы қаламгерлер атына кір келтірмей абыройлы қызмет ету – парыз. Осы ретте Исабек Сәрсенбайұлын мерейлі жетістігімен құттықтап, абырой биігінде болуына тілектестік білдіреміз!

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
08 шілде 2025 ж. 23 0

Қоғам

Форум – БАҚ назарында
08 шілде 2025 ж. 32

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031