Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ

МӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ

Бейсенбіде Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің кіші залында Мемлекет басшысының Атырау қаласында өткен ұлттық құрылтайда айтқан «Адал адам, адал табыс, адал еңбек» тұжырымдамасын талқылау мақсатында аудандағы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Оған Шиелі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: мәдениет саласының ардагері, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Сарсенбайұлы, білім саласының ардагері, тіл жанашыры, «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сағындық Досмаханұлы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Шахизатұлы, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Сәдуақасұлы, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Шиелі аудандық этносаралық сарапшысы Біржан Бақтыбайұлы, Б.Қабылұлы атындағы мәдени-шығармашылық орталығының мамандары, кенттік «Арман» мәдениет үйінің және ауылдық клубтар мен мәдениет үйінің директорлары мен қызметкерлері қатысты.
Жиында заманауи үрдістерді ескере отырып, мәдениет саласын дамыту және қайта форматтау мәселелері сөз болды.

«Өскен өңір» ақпарат

22 шілде 2024 ж. 130 0