Жергілікті журналистер одаққа өтті

ҚР Журналистер одағының мүшелігіне өткендердің қатарында аға буын өкілдерімен қатар жас қаламгерлер де бар. Облыс бойынша 26 адам аталмыш одақтың мүшелігіне қабылданды. Олардың алды 76 жаста болса, журналистердің арасында 10 жыл бұрын одаққа өтуге ниет етіп, енді қол жеткізгендер де бар екен. Ал, бұл жолы «Өскен өңір» газетінің алты қызметкері ҚР Журналистер одағының қатарына қосылды. Атап айтар болсақ, газеттің бас редакторы Нұрболат Пірімбет, тілшілер Бақытжан Бәйімбет, Дина Жүсіпова, Ерұлан Даткенов, Гүлхан
Яхияева, Гүлнәр Дүйсебаевалар. Сонымен қатар, одаққа қабылданғандардың қатарында газеттің штаттан тыс тілшісі, ардагер Есіркеп Шәдібеков те бар.
Халықтың мұңын-мұңдап, жоғын-жоқтап, халық пен билік арасында алтын көпір болып саналатын газетте қызмет етіп жүрген жандарды жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Өскен өңір» ақпарат.