АҚЫН АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ БІРІ
Сейітжан Омаров ақсақалдың есімі маған бала кезімнен жақсы таныс. Жазу-сызуға әуес болғандықтан жастайымнан газет-журналға жақын өстім. Ұмытпасам, 7-8 сыныпта оқып жүргенмін. Бірде облыстық «Ленин жолы» (қазір «Сыр бойы» деп аталады) газетінде қазақтың көрнекті ақыны, белгілі сықақшы Асқар Тоқмағамбетовтің...











