Алты ауылдың жан сақтаушылары
Жаһандық індет жайылғалы жауапкершілігі мол мамандықтың иесі – ақ халаттылардың жұмысы арта түсті. Күн-түн демей үй аралап жанұшыра қызмет еткен ақ халатты ардақтылар ауыл халқының вируспен күресуіне барын салғанын айтады. Газетіміздің әр санында жарық көріп жүрген дәрігерлер туралы мақаламыздың бүгінгі жалғасы Бәйгеқұм бөлімшесі мен амбулаториясындағы медициналық қызметкерлерге арналмақ.
Өздеріңізге белгілі Бәйгеқұм ауылында амбулаториядан бөлек аурухана бар. Екеуі де бір жерде орналасқан. 1982 жылы типтік жобамен салынған екі қабатты ғимарат. Бірінші қабатында емхана, балаларды, әйелдерді қабылдау бөлімі, зертханалық лаборатория, химизатор, ине егу мен таңу және үш мезгіл ас даярлайтын асхана орналасқан. Екінші қабатында 10 орындық тәуліктік, 8 орындық күндізгі стационар бөлімдері, физиотерапиялық әдіспен емдеу бөлмесі, ем-шара жасау бөлмелерімен қатар науқастарға арналған асхана бар. Бәйгеқұм ауылында халықты тіркеу порталы (РПН) бойынша 1976 тұрғын тіркелген. Бәйгеқұм дәрігерлік амбулаториясы мен Бәйгеқұм бөлімшесінде 2 дәрігер, біреуі жоғары санатты дәрігер-терапевт, 16 аяжан, 1 зертханашы, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 жүргізуші, 2 аспазшы, 9 тазалықшы, 6 жұмысшы халық денсаулығының жақсаруына, емінің шипа болуына атсалысып жүрген жандар. Аталмыш бөлімше мен амбулаторияның ақ халаттылары тәуліктік стационарда тек Бәйгеқұмның ғана емес, Бала би, Жөлек, Ортақшыл, Қызылқайың және Жуантөбе ауылдарының да халқын қабылдап, ем-домын жүргізеді.

Халық ықыласына бөленген дәрігер – Шолпан Сәрсенбаева «заманауи технологияның пайдасын көріп жатырмыз» дейді. Дәрігердің айтуынша, барлық медициналық қызметтер түрі интернет жүйесіне ендірілген. Атап айтар болсақ, «Даму мед», «ПУЗ», «КМИС» бағдарламалары. 2018-2020 жылдарға әзірленген «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қарқынды түрде жұмыс жасалуда. Жыл соңына дейін әрбір азаматқа электронды жеке кабинет құрып, науқастың бүкіл құжаттарын тіркейді. Бұл дегеніміз жекелеген қызмет түрі автоматтандырылып, әр науқас қашан және қай дәрігерге тіркелу керегін үйден шықпай, уақыт үнемдеп қабылдауға жазылады. Аталған жоба толық жүзеге асқан кезде дәрігер қағазбастылықтан арылса, халық өз анализдерін онлайн режимінде бақылай алады. Сондай-ақ жедел жәрдем шақыру, науқастың ауру тарихы, отандық дәрігерлердің шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасуы, шалғайдағы науқастардың денсаулығын үздіксіз бақылауға да мүмкіндік мол. Осындай түрлі порталдардың іске қосылғаны дәрігерлердің науқасты емдеуіне, көңіл бөлуіне ыңғай жасайды. Соның арқасында науқас пен дәрігер, аяжандар арасындағы кері байланыс орнайды.
– Біздің емханада медициналық көмекке жүгінушілерге арналған мобильді топ бар. Әр көшеге бөлінген аймақ аяжандары үй аралап, ауырып жатқандарға үйден ем береді. Коронавирус инфекциясы өршіген тұста науқастарға күніне бірнеше мәрте барып, бақылап отырдық. Қарбаласта ауырып жатқандарды санамадым. Бірақ күні-түні науқастармен байланыста болдық. Уақытпен санасқан жоқпыз. Арасында ауылдың блок постында кезекшілікте тұрдық. Демалыс күндері де ем жүргізіп, халықты сабырға шақырудың арқасында коронавирустан асқынған немесе қайтыс болған науқас болған жоқ, – дейді аға дәрігер Зағира Реджепқызы.
«Халқымызға тамшыдай болса да шипамыз тисе, бізге сол абырой биігі» деп ағынан жарылған дәрігерлердің ерен еңбегі өлшеусіз. Індет жайылған тұста ауырып ем іздеген халыққа бар жағдай жасап, таңның атысы, күннің батысы демей, ем-домын жасаған ақ халаттылар екінші толқынға дайынбыз дейді. Алғысқа бөленген дәрігерлер халық саулығын әркез ойлап, ауырмай жүруін тілейді. Әрине, 6 ауылға бірдей көмек көрсетіп, ем жүргізу оңай іс емес. Әйтсе де әркез ұлт саулығын аманат деп ұғынған жандар өз сертіне адал мамандар. Осылайша денсаулық сақтау саласы дені сау ұрпақтың болашағы үшін қызмет атқармақ. Індет лаулап, жер жаһанды жаулаған тұста мекеменің табалдырығын аттаған әрбір жанға барын салып, емін жүргізген дәрігерлер мен аяжандарға ауыл халқы дән риза.
Бұрын-соңды мұндай эпидемиялық жаппай аурудың өршуін білмеген халық едік. Алыс-жақын ағайын-туыс пен достың қадірін барынша көңілге тоқытқан кесел өз дәрежесін көрсетіп кетті. Енді мұндай бәленің елімізді айналып өтуін тілейміз. Медицина саласы білгірлерінің шығар тауы биік болып, абыройдан ажырамасын.
Ақбота Баянбай