Мегаполисте медициналық мекеме жаңарды
Денсаулық сақтау саласын оңтайландыру, тұрғындарға мейлінше қолжетімді де сапалы қызмет ету бағыты бойынша мегаполисте ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, №1 Шымкент қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшесі» «№1 Шымкент қалалық ауруханасы» болып қайта жасақталды. Жаңартылған медициналық мекеме жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, жаңа заман талабына сай техникалармен жабдықталды.
Орталық «№1 Шымкент қалалық ауруханасы» құрамына өткеннен кейін медициналық мекеме толық модеринизациялаудан өткізілген. Күндізгі стационар бөлімінде науқастардың сапалы ем қабылдауы үшін ПИТ палатасы заманауи үлгідегі ИВЛ құралы, отадан кейінгі науқастарға арналған көп функционалды төсек-орын, қатты және жұмсақ инвентарьмен қамтылған. Мекемеде кезек күту электрондық жүйеге көшірілген. (Осыған дейін науқастар мұнда қысқа да ыңғайсыз дәліздерде кезек күтетін). Дәрігерге келген азаматтар мен оларды күтушілерге ыңғайластырып кезек күту залына қосымша ғимарат қосылыпты.
Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшесінің ғимараты және №1 жарақат бекетінде толықтай қайта ағымдық жаңарту жұмыстары жүргізілген, жұмсақ және қатты инвентарьмен қамтылды. Негізгі зертхана жаңынан жаңа ғимарат соғылып қосымша бактериялогиялық зертхана жасақталды. Алдағы уақытта хирургиялық бейіндегі науқастарға жасалатын оталарды бір күндік стационар тәртібімен жасауды қолға алмақ. Сондай-ақ мұнда Шымкент қаласы бойынша жарақаттанулардан кейінгі науқастарға ерте реабилитациялық шаралар жүргізу жағы қолға алынады.
Амбулаторлық хирургия орталығы Шымкент қаласы ғана емес, облыс тұрғындарына да көмек көрсететіні мәлім. Мұнда жарақаттану, хирургия, оториноларингология, урология, проктология, бет-жақ хирургиясы, антирабиялық қызмет бөлімшелері амбулаториялық және емханалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесі клиникалық-диагностикалық және бактерологиялық зертханамен жарақталған. Мұнда тәулігіне 250 науқасты қабылдауға мүмкіндік бар. Одан бөлек 30 орынға есептелген күндізгі стационарлық бөлімшеде тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсететін 2 жарақат бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда үй не жабайы жануар тістеген жағдайда науқастарға үздіксіз көмек көрсетілетін тәуліктік рабиология бөлімшесі де бар.
Аталған амбулаториялық-хирургия орталығында облыстық жарақаттануды ұйымдастыру-әдістемелік орталығы да жұмыс жасайды. Алдағы уақытта 20 орындық жарақаттан кейінгі ерте оңалту жұмыстарын жүргізуге бағытталған бөлім ашу қолға алынбақ.
Шымкент қаласы Қазақстанның «үшінші мегаполисі» аталғаны баршаңызға мәлім. Яғни қала халқы өсіп келеді. Мұндай келелі өзгерістерге сай болу және сапалы медициналық қызмет көрсеті бағытында қолға алынған іс көп. Соның бірі – орталықтандырылған Антирабиялық қызмет бойынша мамандандырылған тәулік бойы қызмет көрсететін бөлімше. Антирабиялық қызмет бойынша мамандар дайындау оқу-әдістемелік шараларын жүзеге асыратын орталық ұйымдастыру көзделген.
Ж. ҚАСЫМ.
Zamana.kz