Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәулет өнері: Грузиядағы ерекше ғимарат

Сәулет өнері: Грузиядағы ерекше ғимарат

2012 жылда Грузияның Батуми қаласында, Қара теңіз жағалауында сәулетші Давид Гогичаишвилидың жобасы бойынша ерекше ғимарат тұрғызылды. Ғимараттың ерекшелігі сол оның 27- қабатында диірмен қалағы сынды айналып тұрушы бөлек ғимарат орнатылған. Ол  жерде 8 кабина болып, 40 адам бір мезетте отыра алады.
Алғашқыда ғимаратта Грузия-АҚШ технология университеті орналасу керек болған. Бірақ университетті ашу жоспары жүзеге аспағасын 2015 жылы "RED–Co" құрылыс компаниясы 25 миллион долларға сатып алғанға шейін көп қабатты үй қаңырап жатты. Осыдан соң ғимаратта 5 жұлдызды қонақ үй, ойынхана, фитнес орталықтар, қымбат мейрамханалар мен тұрғын үйлер ашылды.
Массагет.кз сайтынан
08 шілде 2018 ж. 2 334 0