ДУБАЙ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ ҚОНАҚҮЙ АШЫЛДЫ
Фото: ide_i – LiveJournal
Дубайда 40 жыл пайдаланылып, қолданыстан шығарылған «Куин Элизабет 2» лайнері қонақтарын қабылдай бастады. Судағы қонақүйде 1 мың 300 нөмір, мұражай және 13 мейрамхана бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mir24.tv сайтына сілтеме жасап.Қонақүйде түнеп шығу 200 доллардан басталса, ең қымбат бөлме 15 мың доллар тұрады. Жалпы алғашқы сапарға 1969 жылы аттанған лайнер әлемді 25 рет шарлап, 2 жарым миллион жолаушы тасымалдаған. 2008 жылы Біріккен Араб Әмірліктері оны 100 миллион долларға сатып алды. Бірақ қаржы дағдарысына байланысты қонақүйге айналдыру жоспары 10 жылға созылған.
«Осы кемемен кетіп бара жатып, дауылға тап болғанымыз есімде. Капитан жолаушыларға сол жерде 1 күн түнеп, сапарды одан кейін ғана жалғастыратынын хабарлады. Дүлей жел лайнерді қатты шайқап, 30 метрлік толқын бірнеше бөлменің терезесін сындырды. Әйтеуір кеме дауылдан аман-есен шықты. Осы кемемен саяхаттағандықтан, оны өз көзімізбен көруге келдік. Келесі жолы осы қонақүйде тұрақтамақпыз. Бұл лайнер бізге қатты ұнайды», – дейді америкалық саяхатшы Давид Шрейнер.