ӘЗЕРБАЙЖАНДА ӨТКЕН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ИЛЬХАМ АЛИЕВ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Фото: unian.net
Бұл туралы Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі unian.net сайтына сілтеме жасап.Сайлаушылардың 86,09 пайызы Альхам Алиевке дауыс берген. Бұл 2013 жылы өткен сайлаудағы көрсеткішке қарағанда 1,5 пайызға көп.
Мазахир Панахов президент сайлауы республиканың 125 сайлау округінде өткенін айтты. Альхам Алиев ел басқарған 15 жыл ішінде бірінші рет жеті жылға мемлекет басшысы болып сайланды. Әзербайжандағы Би-би-си қызметі кейбір учаскелерде бақылаушылар болмағанын және көптеген бюллетен жәшікке бірден салынғаны камераға түсіп қалғаны туралы хабарлады.
Орталық сайлау комииссиясының төрағасы бұл ақпаратты теріске шығарып, жалған ақпарат екенін айтты.
Алиев бұған дейін президент сайлауында 2003 жылы, 2008 жылы және 2013 жылы үш рет жеңіске жеткен.