Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ: БІЗ ЕРЕВАНДЫ ӨЗІМІЗГЕ ҚАЙТАРУЫМЫЗ КЕРЕК

ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ: БІЗ ЕРЕВАНДЫ ӨЗІМІЗГЕ ҚАЙТАРУЫМЫЗ КЕРЕК


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «республика халқы Ереванды өздеріне қайтаруы керек» деп тосын  мәлімдеме жасады.
–Ереван біздің байырғы тарихи жеріміз болып табылады. Әзербайжандықтар ежелгі қонысы Ереванға қайта оралуы тиіс. Бұл біздің саяси және стратегиялық міндетіміз болып табылады. Аталған мақсатқа біз біртіндеп жақындауымыз керек. Сондықтан әзербайжан халқы өздерінің ежелгі тарихи жерлерін ұмытпауы қажет. Болашақта бұл басты бағыттарымыздың бірі болып қала береді. Иреван хандығы, Зенгезур, Гейче жері туралы жас ұрпақ біліп, санасында жаттап өсуі тиіс. Мұны бүкіл әлемнің де білгені жөн, – деп мәлімдеді президент Ильхзам Әлиев. Бұл туралы  ол «Жаңа Әзербайжан»  партиясының VI съезінде мәлімдеме жасады.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, ХХ ғасырдың басында Ереванда әзербайжандар мен армяндардың саны шамалас болған. Бірақ мәселе мынада: Бұл мәлімдеме Әлиевке не үшін керек болып қалды? Өйткені 2018 жылдың 11 сәуірінде елде президенттік сайлау өтеді. Алғашқы кезде  сайлау қазан айында белгіленген. Бірақ осы аптада президенттік сайлауды сәуірге ауыстыру туралы шешім қабылданды.
«Жаңа Әзербайжан»  партиясының VI съезінде партия мүшелері бірауыздан Ильхам Әлиевты президенттікке кандидаттыққа ұсынды. Бұл ақпаратты таратқан  http://www.rosbalt.ru «Интерфакс» агенттіктері Әлиевтің пікірі қандай негізге сүйене отырып жасалынды, оған қатысты ешқандай түсініктеме, терең сараптама берген жоқ. Әрине Таулы Қарабақтың біраз бөлігі Армения жағына өтіп кеткені мәлім. Бұған қатысты дүрдараздық пен дау әлі шешілген жоқ. Әлі де анда-санда оқ атылып тұрады.
Негізі ежелге Ереван жері әзербайжандарға тиесілі ме, жоқ па, оған төрелік айтатын біз емес.  Дегенмен, алдағы уақытта Ильхам Әлиевтің стратегиялық жоспары орындала қоюы да екіталай. Бірақ оның бұл әрекетін  президенттік сайлау алдындағы саяси ұпай жинау деп түсінген дұрыс болар.
08 ақпан 2018 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031