Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Корея президенті 30 жылда бірінші рет ел Конституциясына өзгерістер енгізді

Оңтүстік Корея президенті 30 жылда бірінші рет ел Конституциясына өзгерістер енгізді


Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин конституцияға өзгеріс енгізу туралы жобаға қол қойды. Бұл жоба бойынша мемлекет басшысы сайлауға қатарынан екі мәрте қатыса алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Президенттің ресми өкілі Ким Ый Гём мемлекет басшысы жаңа заң жобасына электронды қолтаңба қойғанын мәлімдеді. Президент әкімшілігі жариялаған мәлімдемеде президент жалпыхалықтық референдумда Конституцияға түзетулерді 13 маусымда жергілікті сайлау кезінде енгізуді ұсынды. Бүгінге дейін Оңтүстік Корея президенті билікте болған бес жылдан кейін қызметтен кетуі керек болған. Ұзақ жылға созылған диктатурадан кейін 1977 жылы Оңтүстік Корея конституциясына өзгерістер енгізіліп, содан бері осылай жалғасып келе жатқан.
Түзетулер қабылданған жағдайда қазіргі президент Мун Чже Инге еш әсер етпейді, себебі ол бұрынғы конституция бойынша сайланған. Ұсыныс парламентке жолданады. Ол жерде 60 күн ішінде шешім қабылданады. Одан кейін заң референдумға енгізіледі.
Baq.kz
26 наурыз 2018 ж. 3 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031