Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

ӘЛЕМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?





  • АҚШ Ресейді тежеу үшін жаңа ядролық оқтұмсық құрастырмақ. Америка билігі ядролық қаруды қолдану әлеуетін шектеуді әлсіретіп, жаңа ядролық оқтұмсық құрастырады. The Guardian ақпаратынша, қаруды бақылау бойынша ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы аға директоры Джон Вулфстал осылай деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Пентагон ядролық саясаттың жаңа жүйесін бекітіп,  Trident D5 деп аталатын суасты түрлендірілген баллистикалық зымырандарын жаңа оқтұмсықтармен жабдықтаған. Ол АҚШ-тың әрекеті Шығыс Еуропада қақтығыс туындай қалған жағдайда Ресейді ядролық оқтұмсықтарды қолданудан тежеу үшін жасалып отырғанын айтқан.
  • Идлибтегі қақтығысты тоқтату режимінен ши шыққанына байланысты Түркия басшылығы Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасындағы елшілерді шақыртып алды. Түркияның Сыртқы істер министрлігі Сирияның үкіметтік күштері «Идлиб деэскалациялық аймағында атысты тоқтату режимін бұзды» деп танығаннан кейін осы қадамға барған. Әзірге Анкарадағы Ресей елшілігі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме таратпады. Бұған дейін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Сириядағы «Ефрат қалқаны» операциясы одан әрі жалғасуы мүмкін деген еді. 2017 жылдың тамыз айында Анкара АҚШ-тың Идлиб провинциясын Күрдстан жұмысшылар партиясы мен «Демократиялық одақ» партиясына беруіне қарсы шығатынын жариялаған еді.
  • Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея министрлік келіссөздер жасап, екі мемлекеттің қарым-қатынастарын жақсартатын келісімге қол жеткізді. Пханмундж қарусыздандырылған аймағында өткен кездесу қорытындысы бойынша, екі ел бірқатар облыстар бойынша толыққанды диалог орнату келісіміне келген. Оның ішіне әскери сала да енеді. Сонымен қатар КХДР командасы ақпан айында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарына да қатысатын болды. Екі жақтан келген бес министрден тұратын топты Корея Республикасының ұлттық бірігу істері жөніндегі министрі Чо Мен Гюн мен КХДР-дың отанды бейбіт біріктіру комитетінің төрағасы Ли Сон Гвон басқарған. Бұл аймақта екі ел өкілдері бұған дейін де кездесіп, бірақ ортақ мәмілеге келе алмаған болатын. Бұл – Корея Республикасының билігіне Мун Чжэ Ин келгеннен кейін болған алғашқы кездесу. Оған дейінгі Ли Мен Бак пен Пак Кын Хе кезінде екі ел қарым-қатынасы мүлде өрбімеген еді.
Абай Аймағамбет
10 қаңтар 2018 ж. 1 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930