Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ


Қазақстандық студент Дастан Валиулинді Оңтүстік Кореяда «Қазақстанның мәдени елшісі» деп атайды. Кукмин университетінің үшінші курсында оқитын ол Оңтүстік Корея телеарналарына танымал болып үлгерді.    Дастан Оңтүстік Кореяға білім алу үшін төрт жыл бұрын келген. Телебағдарламалардың бірінде ол оңтүстіккореялық халыққа өз Отаны туралы айтып беріп, бауырсақ пісіру мен етті қалай асатынын үйретті. Жақында Дастан Пхенчханда өтетін олимпиадалық және параолимпиадалық ойындарға Қазақстан елшісі ретінде қатысады. Оның міндеті – Олимпиада қонақтарына корей тілінде Корея туралы айтып беру және қазақстандықтарға Корея мәдениеті туралы қазақ, орыс тілдерінде ақпарат беру.    – Мен Қазақстанда ғарыш алаңы бар екенін және оның ашық ғарышқа ұшу үшін тиімді әрі қолайлы жер екендігі туралы  алғаш рет Дастаннан естідім. Мұндай деректерді корейліктер білмейді. Қазақстанның тұрмысы мен салт-дәстүрі жөнінде біз телеарнада бірқатар бағдарлама дайындап жүрміз. Елінің беделін айқындап беруде Дастанға үлкен жауапкершілік артып отырмыз, – дейді телепродюсер Ли Сын Тхэк.
05 қаңтар 2018 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (8714)

16 тамыз 2019 ж.

№62 (8713)

13 тамыз 2019 ж.

№61 (8712)

10 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам