Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭКСПО көрмесі Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны жақындата түсті

ЭКСПО көрмесі Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны жақындата түсті

EXPO-2017 Қазақстан мен Оңтүстік Кореяны тағы да жақындата түсті. Бұл – жаһандық шараға қатысқан Оңтүстік Корея тобының директоры Бён Йон Соптың пікірі. Оның айтуынша, EXPO-ның аясында көптеген кореялық кәсіпкер Астанаға арнайы барып, қазақстандықтарға өз тауарларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. «Сондай-ақ, ТМД елдері арасында алғаш рет халықаралық көрменің Қазақстанда өткені кездейсоқтық емес, себебі бұл ел өзін өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекет ретінде әлемге танытты», – деп атап өтті. Бён Йон Соп, EXPO-2017 көрмесіндегі Корея Республикасы тобының директоры: – Мені көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» етіп таңдалғаны, Қазақстанның «жасыл» энергия бағыты бойынша дамып келе жатқаны таңғалдырды. EXPO көрмесін сәтті өткізген Қазақстан, оның ішінде Астана қаласы даму жолында бір қадам алға жасағаны сөзсіз.

***
ЕХРО-2017 музей «Нұр Әлем» Елордадағы EXPO қалашығында туристік аймақ ашылды. Аумағы атшаптырым орталықта саяхатшылар үшін қысы-жазы қызмет көрсетілетін бірегей нысандар іске қосылды. Ал, жаңа жыл қарсаңында мұз қалашығы бой көтеріп, еліміздің басты шыршасы жағылады. Он бірінші айдың он бірі, сағат тілі 11-ден асқан сәт. Бұл жай ғана сәйкестік емес. Бұл – ЕХРО-2017 қалашығының қайта айқара есік ашып, туристік аймақ ретінде тыныс-тіршілігі жаңарып, жанданған уақыты. Көрме алаңы ашылған алғашқы сағаттың ішінде «Нұр Әлем» сферасын 2 мыңға жуық адам аралап үлгерді. Өйткені, ұйымдастырушылар ұлттық павильонның тақырыптық мән-мазмұнын байытып, бірқатар жаңашылдық енгізген. Марат Омаров, «Астана Экспо-2017» ҰК департаментінің директоры: – Келушілер «Нұр Әлем» қосымшасын жүктеп, павильондағы әрбір инс­талляцияны ұялы телефоны арқылы тамашалай алады. Ол үшін сфераның әр қабатында QR-кодтар жазылған. Сол арқылы қосымша көрме жобаларын шынайы түрде көрсетеді. «Нұр Әлем» сферасындағы туристік аймақты көпшілікпен бірге Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та аралап, оң бағасын берді. Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында еліміздің басты шыршасы көрме алаңына орнатылады. Оған қоса зәулім мұз қалашығы ашылып, көңіл көтеріп, серуен құратын қоғамдық орынға айналады. Ал, нысандарды аралау бүгін және ертең тегін болса, кейін келушілер арнайы билетпен кіреді. Оның құны балаларға – 1000, ересектерге – 1500 теңге.
Әлемдік деңгейдегі 24 жобаны біріктірген үздік тәжірибелер алаңы да қайта іске қосылды. Сондай-ақ, заманауи өнер орталығы, суретшілер көрмесі және білім орталығы қалыпты қызмет көрсетуге кірісті. Нысанның әр қабатында орналасқан көрнекі құралдар ерекше көз тартады. Оның үстіне болашақ энергиясына арналған «Нұр Әлем» музейінің әлемде баламасы жоқ. Сфера қыс мезгілінде де үздіксіз жұмыс істейді. Шынымен қапталған ғимараттың жылыту жүйесі озық технологиялармен жабдықталған.
«Өскен өңір» ақпарат.
21 қараша 2017 ж. 3 303 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 55

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930