Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Тәуелсіздік күні Украинада атап өтілді

ҚР Тәуелсіздік күні Украинада атап өтілді


Тәуелсіздік күні Украина Қазақстан жаңалықтары Қазақстанның Украина және Молдовадағы елшілігі Тәуелсіздік күніне қатысты қабылдау шарасын ұйымдастарды. Салтанатқа Украинаның игі жақсылары жиналды. Дипломатиялық өкілдік басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар екі мемлекеттің байланысы мен егемен елдің жетістіктерін сөз етті. Қазақстаның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Самат Ордабаев қазақ және украин тілінде келген қонақтарды құттықтап, Қазақстанның 26 жыл ішіндегі жеткен табыстарына және Украина мен Қазақстанның болашақтағы жоспарларына тоқталды. Атап өту керек, өткен жылы ғана екі елдің бірлескен кәсіпорындары 431 болса, бүгінде бұл көрсеткіш 700-ге жеткен. Бұл қарқынды ары қарай жалғастырып, Қазақстан мен Украина қарым-қатынасын арттыру жолдары пысықталды. Мәртебелі меймандар қазақ халқы мен Елбасын ұлық мерекемен құттықтады. Салтанаттың соңы әсем әнмен өрілді.

24.kz
13 желтоқсан 2017 ж. 2 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30