Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАНОЙДА ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СӨЗ БОЛДЫ

ХАНОЙДА ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СӨЗ БОЛДЫ


Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Қазақстан және Вьетнамның сыртқы саяси ведомстволарының арасындағы саяси консультациялардың 7-кезеңіне қатысты.
Консультациялар барысында саяси және сауда-экономикалық салаларда қазақстандық-вьетнамдық қатынастардың қазіргі жағдайы және болашағы талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі шеңберінде, 2017-2018 жылдары БҰҰ және өзге халықаралық ұйымдарда ынтымақтастық және екі ел бастамаларын өзара қолдау мәселелері бойынша пікір алмасу  орын алды.
–Осы жылы біз Қазақстан және Вьетнам арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтудеміз. Бүгін еліміздің арасындағы қарым-қатынастар барлық салаларда дерлік сәтті және тұрақты дамып келеді. Бұл ретте біздің қатынастарымыздың болашағы үлкен және оларды одан әрі қарқындатуға жақсы мүмкіндіктер бар, – деп атап өтті А. Камалдинов.
Отандық дипломаттың айтуынша, Қазақстан және Вьетнамды мемлекетті құру ісінде де, сыртқы саясатта да ортақ басымдықтар біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасында қандай да бір келіспеушілік жоқ. БҰҰ, АӨСШК, Азия-Еуропа форумын қоса алғанда елдеріміз көпжақты ынтымақтастық шеңберінде ықпалдасып, бір-бірінің бастамаларын өзара қолдап отырады.
Қазақстан СІМ басшысының орынбасары сауда-экономикалық өзара әрекеттесудің бар әлеуетіне назар аудара отырып, 2015 жылы мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісіміне қол қойылғанынан бері елдеріміздің алдында өзара сауданы кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр деп атап өтті.
Консультациялар барысында А. Камалдинов вьетнамдық әріптестерді Қазақстандағы қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдаймен таныстырды.
–Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біз еліміздің жаһандық тұрғыда бәсекелі елге айналуына қол жеткізуге бағытталған бірқатар түйінді реформаларды іске асыруға кірістік, –деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Мемлекет басшысының бастамасымен үстіміздегі жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке кабілеттілік» атты стратегиялық мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстар басталды, парламенттің рөлін күшейтуге және үкімет дербестігін артыруға бағытталған конституциялық реформа жүзеге асырылды, рухани жаңғыру үдерісі іске қосылды екендігін атап өтті.
Вьетнам делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Данг Динь Куи Вьетнам үшін Қазақстан ТМД және Орталық Азия өңіріндегі ең маңызды әріптестердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Вьетнамдық дипломат екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын жоғары бағалап, қазақстандық-вьетнамдық қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттігін ерекше атап өтті.Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының арасында саяси консультацияларды жалғастыруға екі жақты ықылас білдіріп, СІМ-аралық консультациялар әр түрлі салаларда ықпалдасудың жаңа жолдарын іздеу және табудың, мемлекеттік құрылымдар мен іскерлік топтарға өзара тиімді байланыстарды жолға салуда және белсендіруде қолғабыс көрсетудің пәрменді құрал болып табылатынын атап өтті.
Сол күні А. Камалдинов Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фам Бинь Миньмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы 25 жылдық ынтымақтастығы қорытындыланды, жоғары және ең жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың қарқынына ризашылық білдірілді, қазақстандық-вьетнамдық қатынастарды нығайту үшін елеулі әлеуетінің бар екені атап өтілді.
Тараптар сауда-экономикалық қатынастардың серпінді дамуын ерекше атап көрсетті. Фам Бинь Миньнің айтуынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асырудың жылдық қорытындысы бойынша еліміздің Қазақстанмен сауда айналымының тұрақты өсуі байқалуда. Ол Астана және Ханой осы келісімнің барлық артықшылықтарын пайдалану бойынша мүмкіндіктерді іздестіре алатынына үміт білдіріп, осы бағытта салалық министрліктер мен ведомстволарының жұмысын толық ауқымды белсендіру қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртіптің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды. А. Камалдинов сұхбаттасын 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалығы барысында қазақстандық тарап жоспарлаған іс-шаралар туралы хабардар етті.
«АЙҚЫННЫҢ! АНЫҚТАМАСЫ: Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 маусымда орнатылды. Вьетнамның Астанадағы елшілігі 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал Қазақстанның Ханойдағы елшілігі 2014 жылдың наурыз айында ашылды.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының мәліметтері бойынша, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде екі жақты сауда айналымының көлемі 413,2 млн  АҚШ долларына жетті (ҚР-дан экспорт – 218,1 млн. долл., ал импорт – 195,1 млн. долл.).
2016 жылғы сауда айналымы 366,2 млн АҚШ долларын (экспорт – 167,4 млн., импорт – 198,8 млн), 2015 жылы 205,8 млн АҚШ долларын (экспорт – 10,4 млн., импорт – 195,4 млн.), 2014 жылы 271,9 млн долларын (экспорт – 1,7 млн., импорт – 270,2 млн.) құрады.
Қазақстан экспортының негізгі бөлігі өңделмеген қорғасын, өңделмеген мырыш, темір және қоспасыз болаттан жасалған жазық прокат құрайды. Телефон аппараттары, тұрмыстық және кеңсе техникасы, тігін өндірісі және аяқ-киім, азық-түлік және теңіз өнімдері Вьетнамнан импортталатын товарлардың басым бөлігі екенін айта кеткен жөн.
Еркін ҚАЛДАН
05 желтоқсан 2017 ж. 1 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031