Назарбаев жер қойнауын пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған кодекске қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер қойнауын пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған кодекске қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды», - деп жазылған хабарламада.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы жаңадан қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды