Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатта Конституциялық кодекстің жаңа нұсқасы қаралды

Сенатта Конституциялық кодекстің жаңа нұсқасы қаралды


Сенат комитетінің бүгінгі кеңейтілген отырысында Конституциялық кодекстің жаңа нұсқасы қаралды. ҚР кейбір Конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы еліміздің сот жүйесін, мемлекеттік символдарды орналастыру, Конституциялық кеңестің қызметі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін реттеу көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы туралы Конституциялық заңда Тұңғыш Президенттің мәртебесі нақтыланған. Ал Астана халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заң жобасында сақтандыру және банк қызметі, қаржылық технологияларды жетілдіру, электронды коммерция мен инновациялық жобалар бойынша орталықтың қызметін кеңейту көзделген. Заң жобаларын Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері бірауыздан қолдап, құжаттарды палатаның қарауына жіберді. Георгий Ким, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: – Сот жүйесі бойынша айтатын болсақ, заңға енгізілетін өзгертулер арқылы жоғарғы сот төрағасының өкілеттілігін арттыру көзделген. Бұл меніңше дұрыс. Судьялар корпусының сапасын арттырып, олардың құзыретінің кеңейтілуі де меніңше орынды. Өйткені сот жүйесінде күрделі өзгеріс жүріп жатыр. Және сотты әкімшілендіру деген түсінікке нақты анықтама беріп отырмыз. Бұл – құқықтық реттеудің қажетті элементтері.

24.kz
08 желтоқсан 2017 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031