Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сол жағалаудағы жаңа қала! Қызылорда -жаңа мүмкіндіктер мекені!

Сол жағалаудағы жаңа қала! Қызылорда -жаңа мүмкіндіктер мекені!



Осыдан бір жыл бұрын сол жағалаудағы алғашқы құрылыс нысандарының ірге тасының қалануының куәсі болған едім. Міне, бүгінгі таңда алғашқы нысанының "Руxани жаңғыру" орталығының құрылысы аяқталды. Орталықты салу кезінде бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізге алынған. Тарихи ғимараттың үлгісі таңдалуы тегін емес. Ақмешіт атырабы астана болып тұрған 1925 жылы дәл сол Орталық атқару комитетінде «киргиз» атанып келген қазақты қазақ еткен қаулыға қол қойылған. Сол үшінде бұл ғимарат қазақ үшін қымбат әрі құнды. Келбетін дәл келістіру үшін құрылысшылар кірпішті Ресейден арнайы алдырыпты. Ғимараттың бір жағында аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы, ал бір жағында музей орналасады. Музей Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына тарту ретінде берілетін болады. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ФБ парақшасы.
13 мамыр 2018 ж. 2 420 0