Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» орталығы салынып жатыр
Қазақстан жаңалықтары Қызылорда облысы рухани жаңғыру орталық Қызылордада бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша «Рухани жаңғыру» орталығы салынып жатыр. 1925 жылы осы нысанда еліміз «қырғыз-қайсақ» атауынан құтылып, халқымызды «қазақ» деп атау туралы шешім шыққан. Алайда бұл тарихи нысан кезінде бұзылып кетті. Дегенмен жергілікті ғалымдар оның сызбасын мұрағаттан тапты. Осылайша біраз жыл бұрын жермен жексен болып кеткен айтулы кешенді қайта салып шығуға мүмкіндік туып отыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 137 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы пайдалануға берілетін орталықтың жұмысын жандандыру үшін тағы 21 миллион теңге қаралған. Руслан Рүстемов, облыс әкімінің орынбасары: – «Рухани жаңғыру» орталығының Қызылорда қаласында тарихи үлгісін жандандырудың маңызы өте зор. Өйткені өздеріңіз білесіздер, 1925 жылы бұған дейін «қырғыз-қайсақ» болып аталып келген халқымыздың ресми атауы бекіп, осы жерде алаштың зиялылары, ардақтылары «қазақ» деген тарихи атауымызды қайтаруға арнайы жарлықтың шығуына, септігін тигізген болатын. Сондықтан осының барлығын ұрпақтың жадында жаңғырту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
www.24.kz