ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Қанат Жүсіпов, Патима Маханбет, Құттықыз Ыханова және Бекзатхан Бауыржанұлы аудандық кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығы түсіндірілді. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ экономикалық дамуға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Жиында кәсіпкерлер өз пікірлерін білдіріп, жаңа Конституция жобасының елдің тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, олар алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталып, ел болашағы үшін маңызды құжатты қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Іс-шара соңында кәсіпкерлер жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, елдің дамуы мен тұрақтылығы үшін маңызды бастама екенін атап өтті.






