Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУМАҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУМАҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Қабілеш Бекішев, Жібек Баймұратова, Даурен Досмағанбетов, Қанат Жүсіпов және Гүлнара Тымбаулиева Шиелі аудандық электр тарату тораптары мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері еңбек ұжымымен пікір алмасып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен мазмұны туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасының елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды құжат екені айтылды.

Жиын барысында сөз алған коалиция мүшелері Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жаңа Конституция Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуын нығайтуға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға және елдің тұрақты дамуына берік негіз қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ кездесуде қатысушыларға алдағы республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы қажеттігі айтылды. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, коалиция мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуын нығайтып, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін стратегиялық құжат. Алдағы республикалық референдум – әрбір азамат үшін елдің болашағына қатысу мүмкіндігі.

02 наурыз 2026 ж. 90 0