Әкенің айтқаны балғадай
Қазақ ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – шаңырақтың иесі, ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.
Алаш отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.

Қамысты бос ұстасаң қолыңды кеседі
Әр шаңырақтағы әкенің рөлі ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әке балаға жолдас әрі сырлас болу керек. Бала әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасуға дағдылануы қажет. Себебі ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. «Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері кете туар» деген халқымызда дана сөз бар. Ал дұрыс тәрбие алған бала қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өседі.

Әрине, үй ішінің жайлы өмір сүруі, бала-шағаның тәртіпті болып өсуі – шаңырақтың темірқазығы саналатын отағасының ақылы мен еңбекқорлығына байланысты. Қазіргі кезде көптеген әкелер тіршіліктің күйбеңімен аласұрып, жұмысбастылықтан арыла алмай, тек ақша тауып, отбасын асырау, материалдық жағдайын жасау қамымен жүр. Кейбірі үйден тысқары жерде жұмыс істеп, бала-шағасын ұзақ уақыт көрмейді. Сол себепті бала тәрбиесімен анасы ғана айналысады. Дегенмен адамның бұл өмірдегі ең үлкен міндеті – сапалы ұрпақ тәрбиелеу екенін естен шығармаған жөн. Ал ақша тауып, материалдық жағдайды жақсарту одан кейінгі мәселе.
Қазақта «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, баулыған соң батыр болады» деген мақал бар. Біз әдетте алдыңғы екеуін айтып, үшіншісін білмейміз. Бұл жерде баланы балапан құстай баулу туралы айтып отырмыз. Қазақ даласында әсіресе, ер балаларды ерлікке, батырлыққа баулитын әкелер мектебі болған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақал соның айғағы.
Ер мұғалім азайып бара жатыр...
Иә, бүгінде ынжық, енжар, құмар ойын мен арзан дүниеге әуес ұлдың көбеюіне әке тәрбиесінің әлсіздігімен қатар ер мұғалімнің азаюы да әсер етіп жатқаны анық. Ер мұғалім дегенде «Қымбатты, Милләтжан, бір үйге бір ер азамат керек қой» деп мұртын сипалап, Қожаның шешесін айналсоқтап жүретін Қаратай көз алдыма келе қалады. Бүгінде ер-азаматтардың бір үйде ғана емес, бүкіл қоғамда, оның ішінде, бала тәрбиеленетін білім ошақтарында азайып кеткені рас. Осы тентек Қожаның өзі өзгелерден именбесе де, Оспан ағайынан тартынады. Оны көрсе, ұяты бетіне шығып, қызарады. Бұл – апайын алдап соққанымен, ағайына өтірік айтпауға, оның алдында өзін жігіттерше ұстауға тырысатын тәрбие бастауы. Біздің тәрбиемізде ер мұғалімнің алдында баланың бұзықтығы тұсауланып, қыздың ибалығы артады. Жә, мәселе мұнда емес, мәселе – сол Оспандардың аздығында болып тұр...

Қазақта «Әкенің айтқаны балғадай, ананың айтқаны малтадай» деген сөз бар. Ер адамның тәрбиесі үйде де, мектепте де маңызды. Өкініштісі сол, бүгінде мектептегі ер мұғалімдердің саны сиреп кетті. Тіпті, мүлде азайды деуге негіз бар. Статистикаға сенсек, еліміздегі орта мектептерде сабақ беретін мұғалімнің 85 проценті әйел ұстаздар екен. Оқу-тәрбие мекемелері мен мектеп басшыларының арасында да ер-азаматтар мүлде сирек. Көрдіңіз бе? Баланың үйдегі тәрбиешісі – әйел, мектептегі мұғалімі тағы да – әйел. Бұл жерде біз бала тәрбиесіне байыппен қарайтын әйел-ана-ұстаздарға өкпе артып отырған жоқпыз. Керісінше, дәл осы тәрбиеге келгенде ер адамдардың орны ойсырап тұрғанына налимыз.
Бұхар жырау «Әкелі бала – жаужүрек, жиын-тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін» дейді. Өзіне қорған болған әкесінің арқасында алшаң басып, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез келген қорғанды бұзуға дайын болады.
«Әкесіз бала – сужүрек, жиын-тойға барады, босағада қалады» дейді. Яғни, жасқаншақ болатынын меңзеп тұр. Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын білгеніміз жөн. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша, әкенің отбасындағы рөлі төмендей бермек.
Гүлхан ЯХИЯ